Кеште қандай қонақ өнер көрсететінін білмеген алматылықтар үшін сахнаға MARUV-тың шығуы күтпеген сый болды. Тыңдарманының ықыласына бөленіп, атмосфераны біраз жандандырған әнші Drunk Groove, Siren song, Focus on you, ETL сияқты танымал хиттерін орындады.

MARUV деген атпен танымал Анна Корсун «Евровидение-2019» ән байқауының украиналық іріктеуінде жеңімпаз атанған еді. Ол «Евровидение-2019» халықаралық сайысында Украинаның атынан өнер көрсетуі керек еді. Бірақ әнші Украинаның ұлттық қоғамдық телерадиокомпаниясының қойған талаптарымен келіспей, ән байқауына қатысудан бас тартты. Ұлттық іріктеудің одан кейінгі орындарын алған басқа өнерпаздар да жылдың басты музыкалық сайысына Украинаның атынан баруға келісім бермеді. Кейін телерадиокомпания Украина мамырда өтетін негізгі «Евровидениеге» қатыспайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, кешті ұйымдастырған «Яндекс» компаниясы «Яндекс.Плюс» қосымшасын таныстырды. Бұл қосымша «Яндекс.Такси», «Яндекс.Музыка», «Яндекс.Диск» сервистеріне айтарлықтай жеңілдіктер мен «КиноПоиск»-тен фильмдерді тегін көруге мүмкіндік береді. Ол үшін «Яндекс Плюске» жазылу керек. Қосымшаны бастапқы үш ай қолдану тегін.