Биылғы 10 айда Қазақстанда шоколад пен кондитер өнімдері өндірісі 81,2 мың тонна болды, бұл былтырғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,3% аз. Шоколад өндіру осымен екінші жыл қатарынан азайып отыр: 2018 жылдың 10 айында өндіріс көлемі 2017 жылға қарағанда 12,2% қысқарғаны белгілі болды.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, биыл елімізде өндірілген шоколад пен одан жасалған өнімдердің 41,4 мың тоннасы, яғни жартысынан астамы — Алматыға тиесілі. Оңтүстік астанада өнімімен Қазақстан нарығының 24%-ін қамтып отырған «Рахат» кондитер фабрикасы бар. Шоколад пен басқа да тәтті тағамның 28,2 мың тоннасын Қостанай облысы өндірген. Бұл жерде «Баян Сұлу» фабрикасының үлесі көп. Өндіріс жөнінен үшінші орында Алматы облысы тұр — 7 738 тонна. Қалған өңірлерде шоколад өндіру көлемі республика бойынша көрсеткіштің 14%-інен сәл асады.
Қазан айында шоколад бағасы былтырғы қазанға қарағанда 8,9% өскен, 2018 жылдың 10 айында да баға 2017 жылға қарағанда осынша көтерілген еді. 2018 жылы барлығы 103,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі өндірілген.
Мамандардың мәліметінше, шоколад бағасы Қазақстанда соңғы рет 2016 жылы тым шарықтаған. Өнім бір жылда 23% қымбаттады.