InShot
Бұл сервистің көмегімен видео мен фотоны өңдеуге болады. Қолданба тек iOS пен Android қолданушыларына арналған. Instagram мен Facebook-ке салынатын материалға арналған баптауы да бар. Оны телефонға тегін көшіріп алуға болады. Компьютерге арналған нұсқасы жоқ.
VivaVideo
Бұл видеоредакторды iOS, Android және Windows-те тегін жүктеуге болады. Ол кәсіби редактор болмаса да, әуесқой түсірілімді монтаждауға және әлеуметтік желіде сапалы контент жасауға арналған. Оның материалды өңдеумен бірге камераға түсіру және слайдшоу жасау қызметі де бар.
Kinemaster
Бұл қолданбада видеоны өңдемес бұрын өлшемі сұралады, яғни 16:9, 9:16 және 1:1. Оны материалдың қай желіде жарияланатынына байланысты таңдаған жөн. Kinemaster-де телефонға түсірілген видеоны кәсіби деңгейде өңдеуге болады. Видеоблогерлер мен журналистердің көбі осы қолданбаны пайдаланады. Оны телефонда ғана емес, компьютерде де қолдануға болады. Дегенмен ол бастапқыда телефонда видео құрастыруға арнап шығарылған.
Lomotif
Бұл — аудио және видео өңдеуге арналған қолданба. Қолданушылардың пікірінше, басқалармен салыстырғанда Lomotif-те материалды жылдам өңдеуге болады. Қолданба көбіне әлеуметтік желі контентін жасауға арналған.
(Иллюстрация: Dribbble.com/©Nithin Rajan)