Халқымыздың «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлағатты сөзі бар. Осы мақсатта біз қыздарымызға, жалпы жастарға жоғары мәдениетті, адамгершілікті тәрбилеуді көздейміз. Бекзат өнер арқылы инабаттылықты, парасатқа, қайырымдылықты тәрбиелеуді мақсат етеміз, – деді Гауһар Алдамбергенова.
Бүгінде университет 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Оның ішінде Түркия, АҚШ, Ұлыбритания елдеріндегі алдыңғы қатарлы білім ошақтары бар және университетте қосдипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асып келеді.