АҚШ Қазақстанның Сириядан азаматтарды әкелу ісін жоғары бағалады

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Майкл Помпео АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюына түпкілікті қолдау мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Үкіметімен екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Қазақстандағы саяси қатысуын кеңейту туралы жуырдағы мәлімдемесі мен Қазақстан халқының негізгі бостандықтарын қорғауды күшейту туралы әрекеттерін қуана қабылдағанын айтты. Ол Қазақстанның Сириядағы азаматтарын репатриациялау мен реинтеграциялаудағы жетекшілігін жоғары бағалап, бұл тәжірибені өзгелермен бөлісуге үндеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қолдауына да жоғары баға берді.