Қазақ мемлекеттік қыздар университеті 75 жылдығын тойлады

Қыздар университетінің ректоры Гауһар Алдамбергенова оқу орнының тек педагог дайындап қоймай, болашақ мамандардың бойына халықтың тағылымды тәрбиесін, ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін сіңіріп келе жатқанын айтты.

Халқымыздың «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлағатты сөзі бар. Осы мақсатта біз қыздарымызға, жалпы жастарға жоғары мәдениетті, адамгершілікті тәрбилеуді көздейміз. Бекзат өнер арқылы инабаттылықты, парасатқа, қайырымдылықты тәрбиелеуді мақсат етеміз, – деді Гауһар Алдамбергенова.

Бүгінде университет 70-ке жуық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Оның ішінде Түркия, АҚШ, Ұлыбритания елдеріндегі алдыңғы қатарлы білім ошақтары бар және университетте қосдипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асып келеді.

ДереккөзAlmaty.tv