Салтанатты кеште Ұлттық кітапхананың «Жас қалам» жастар бірлестігінің мүшелері Фариза Оңғарсыноваға арнау оқыды. Бұл туралы кітапхананың Facebook-парақшасында жазылды.
Ұлттық кітапхана қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының ханшайымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік шарада Тұран университетінің студенттері Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан үзінділер оқыды, — деп жазылған кітапхананың Facebook-парақшасында.
Шараға жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова, әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев, ақын Алмас Ахметбекұлы, ғалым Ғарифолла Әнес және Фариза Оңғарсынованың сіңілісі Айман Оңғарсынова қатысты.
Фариза Оңғарсынова – ақын, 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Тұңғыш өлең жинағы “Сандуғаш” 1966 жылы жарық көрген. Ол – “Алмас қылыш”, “Тартады бозбаланы магнитім”, “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Тыңдаңдар, тірі адамдар”, “Қарғыс”, “Қасірет пен ерлік жыры” поэмалары мен “Үйім менің – Отаным”, “Маңғыстау монологтары”, “Революция және мен” өлең топтамаларының авторы. Ақын 2014 жылы дүниеден өтті.