Басты бетЖаңалықтарӘскери бөлімге...

Әскери бөлімге аты аңызға айналған «Қара майордың» есімі берілді

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Алматыдағы Қазақстан Қарулы күштері әскери бөлімі «Қара майор» атымен танылған полковник Борис Керімбаевтың есімімен аталады. Бұл туралы министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Борис Керімбаев 1948 жылдың 12 қаңтарында Алматы облысының Прудки кентінде дүниеге келген. Владимир Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Германиядағы кеңес әскерінің құрамында мотоатқыштар взводының командирінен бастады.

1981 жылы полковник Борис Керімбаев моджехедтерге қарсы жауынгерлік іс-қимыл жасау үшін Ауғаныстанға жіберілді. 1982 жылы оны жасағымен моджахедтердің құрылымдарын белгісіз мерзімге ішінара бақылау және бұғаттау үшін Ауғаныстанға қайта жіберіледі. 8 айдан кейін моджахедтердің басшысы бітімге келіп, Кеңес әскерлеріне қарсы жауынгерлік іс-қимылды тоқтатуға мәжбүр болады. Ал келер жылы Борис Керімбаев барлық бөлімшені шатқалдан шығарған, — деп жазылған хабарламада.

Кейін Борис Керімбаев Қапшағай қаласындағы 22-арнайы мақсаттағы бригада командирінің орынбасары, 546-арнайы мақсаттағы оқу полкының командирі болып қызмет етті. 1992 жылы денсаулығына байланысты Қарулы күштерден полковник атағымен босатылды. 2019 жылы Алматыда дүниеден өтті.