Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш

Әнші, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов пен журналист Жадыра Сейдеш 2019 жылдың тамыз айында заңды некеге тұрды. Нұрғали Нүсіпжанов 2014 жылы «Жүрекжарды» бағдарламасына кейіпкер болып, оны жүргізетін болашақ жарымен танысты. Екеуінің жас айырмашылығы — 45 жыл. Жадыра — әншінің екінші әйелі.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш
Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш. Фото: Ult.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дария Жүсіп

Театр актеры, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында Дарияның ұстазы болған. Дария оқуын тәмамдағаннан кейін 2 жылдан соң оқытушысына тұрмысқа шықты.  Тұңғышбай Жаманқұлов жарынан 24 жас үлкен.

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дәрия Жүсіп
Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дария Жүсіп. Фото: Juldyz.kz

 Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова

Актер, Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсынов пен актриса, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова 1986 жылы «Диагноз» фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Қарагөз онда режиссердың көмекшісі болды. Жұп 90-жылдардың басында үйленді. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Қарагөз — актердың екінші жары. Екеуінің жас айырмашылығы — 16 жыл.

Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова
Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова. Фото: Qamshy.kz

           Еркін Нұржанов пен жары Динара

«Жігіттер» тобының бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов 2014 жылдың қыркүйек айында екінші рет үйленді. Әйелі өзінен 14 жас кіші. Қазіргі таңда олар — үш баланы тәрбиелеп отырған ата-ана. Жақында әнші әйеліне «Динара» деген ән арнады.

Еркін Нұржанов пен жары Динара
Еркін Нұржанов пен жары Динара. Фото: Juldyz.kz

       Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр

Актер, юморист Дәурен Айдарқұлов пен KeshYou тобының экс-мүшесі, әнші Ақбота-Нұрдың махаббат хикаясы «Гламур для дур» фильмінен басталды. Олар 2018 жылдың маусым айында некелесті. Дәурен Ақботадан 14 жас үлкен.

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр. Фото: Reactor.inform.kz

        Олжас Смағұлов пен Мәдина Сәдуақасова

Телережиссер Олжас Смағұлов пен әнші Мәдина Сәдуақасова 2014 жылдың ақпан айында отасты. Мәдина Олжастан жеті жас үлкен. Бүгінде жұптың Әнуар есімді ұлы бар.

Олжас Смағұлв пен Мадина Сәдуақасова
Олжас Смағұлв пен Мадина Сәдуақасова. Фото: Gakku.kz

Арсен Акиев пен Мереке Қалбаева

Қос «жайдарманшы» 2018 жылдың мамыр айында некелесті. Мереке Арсеннен алты жас үлкен. Көңілді жұп жақында ата-ана атанбақ.

Әрсен мен Мереке
Арсен мен Мереке. Фото жеке архивінен

(Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!