Әнші Нұрлан Албан Алматыда тегін өнер студиясын ашты

Алматылық оқушылар үшін студияда білім алу үшін тегін. Орталықтың алғашқы 50 шәкірті 5 қыркүйек-5 қазан аралығында кастингтен өткен. Олардың арасында аз қамтылған және көпбалалары отбасылардың балалары да бар.

Нұрлан Албан өнер студиясы

Барлық оқушылар үшін толық оқу циклі 3 жылға созылады. Оларға жас мұғалімдермен бірге Нұрлан Албанның өзі де дәріс береді. «Неге жас мұғалімдер?» деген сұараққа әнші тек балаларды ғана мес, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарын енді бітірген жастарға да тәжірибе жинауға мүмкіндік бергісі келетінін айтты. Осы себеппен студияда жас педагогтар оқушыларға тәлім бермек.

“Әр бала талантты. Мен үш баланың әкесі ретінде баланы ашу үшін оған уақытында сабақ берілуі керек екенін білемін. Менің биыл өнерде жүргеніме 20 жыл толады екен. Әрине мұның құрметіне үлкен той жасап немесе концерт беруімен болатын еді, бірақ мен мектеп ашуды дұрыс санадым. Қазір көптеген ата-ана баласының шығармашылығы үшін қаражат бөле алатын жағдайда емес. Мен өз ойымдағыдай тәлім беріп, актер, тележүргізушілер шығарамын деп ойлаймын. Егер осы 50 баланың ішінен 10-ы үлкен сахнаға шыға алса, онда бұл мен үшін үлкен сыйлық”, – дейді Нұрлан Албан.

Әншінің бұл бастамасын өнердегі әріптестері де қолдады.

“Сыныптар өте керемет жабдықталған, барлық сәндеу жұмыстарының керемет қолдан шыққаны көрініп тұр. Біз өзіміз мектепте оқығанда қандай залдарда дайындалып едік. Қазір қарасаңыз, барлық жағдай жасалған. Мұнда сабақ алуға келген балаларды да бұл ынталандырады. Бұл ретте оқушылар сарайы басшылығына да рахмет айту керек. Нұрлан өз ісін жақсы көреді, әрі үнемі насихаттап жүреді”, – деді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

ДереккөзBnews.kz