Кейкі батырдың бет бейнесіне реконструкция жасалады

Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары мұражайында ОММ-ның директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың ДНҚ анализін жасау және оның бет бейнесін қалпына келтіру үшін Бас директор Золтан Коршошқа бас сүйекті табыс етті. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Кездесу шеңберінде Нұрсан Әлімбай 1916 жылғы ұлт-азаттық қоғалысының көтерілістік әскерінің қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегі 93 жылдан кейін туған еліне қайтарылып, оның бет бейнесін қалпына келтіруі барша Қазақстан үшін маңызды тарихи оқиға болып саналатындығын атап өтті.

Золтан Коршош көрсетілген құрмет үшін қазақ тарапына алғысын білдіріп, мажар мамандары заманауи технологияларды пайдалана отырып, сапалы жұмысты орындайтындығына сендірді.

Мажар антропологтары Кейкі батырдың бет бейнесін қалпына келтіру жұмыстарды 2016 жылғы желтоқсанына дейін бітіріп тастауды жоспарлауда.

Дереккөзbaq.kz