Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда шырын...

Қазақстанда шырын өндірісі бірден 45% азайды

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырыны өндірісі бірден 45,1% азайған. Қазақстан өндірушілері 54,3 миллион литр өнім өндірген. 2018 жылы бұл көрсеткіш 98,9 миллион литр болған еді.

Өндіріс барлық категория бойынша азайған. 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда томат шырыны 19,6%, апельсин шырыны 8,5%, алма шырыны бірден екі есе аз өндірілді.

Саладағы көңіл көншітпейтін динамика бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2018 жылы Қазақстандағы шырын өндірушілер бар болғаны 122,8 миллион литр өнім өндірді. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 152,6 миллион литр болған еді.

Қазақстанда өндірілген өнімнің төмендеуінен импорт өсті. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында оның көлемі 12,5% болды. Қазіргі уақытта Қазақстан компаниялары сұраныстың үштен екісіне жетер-жетпес бөлігін қамтамасыз етеді, ал импорттаушылар нарықтың 34,5%-ін иеленіп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 19,8% болған.

Сонымен бірге тұтыну да азайды. Ішкі нарықта жеміс-көкөніс шырынын сату бірден 35,9% төмендеді.

Шырын бағасы алкогольсіз сусындарға қарағанда тез өсіп жатыр.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша табиғи шырын 2018 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 8,8%, алкогольсіз сусындар бағасы 7,1% өсті. Бірақ жалпы инфляция деңгейі 5%-тен сәл ғана асқан еді.