Жеміс шырынының қандай қаупі бар?

Зерттеушілер 1068 ана мен олардың ұл-қыздарының тамақтану рационын тексеріп, құрамында фруктозасы көп тәтті шырынның балалар денсаулығына қалай әсер ететінін байқаған.

Нәтижесінде ғалымдар құрамында қант пен фруктозасы бар шырынды көп ішетін балалардың 77%-ы демікпеге шалдығатынын анықтады.

Сонымен қатар, жүктілік кезінде де жеміс шырынын көп ішкен жағдайда тыныс алу жолдары ауруларының пайда болуына әсер ететіні белгілі болған.

«Бұдан бұрын белгілі болған семіздік пен демікпенің байланысынан бөлек, құрамында фруктозасы көп тәтті шырындарды көп ішу де бұл аурудың пайда болуына әсер етеді. Әзірше біз фруктоза мен қанттың демікпеге қалай әсер ететінін анықтай алған жоқпыз. Бірақ осы қосылыстар өкпенің қабынуына әсер ететінін болжауға болады», — дейді зерттеуші Шерил Рифас-Шиман.

Дереккөзbaq.kz