Басты бетЖаңалықтарВице-министр Фатима...

Вице-министр Фатима Жақыпова қызметінен босатылды

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Фатима Жақыпованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылатынын ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан хабарлаған еді. Тамыз айында министрліктің әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің сол кездегі басшысы Анар Қайырбекова екі вице-министрді және сол кездегі жауапты хатшы Арын Орсариевті қызмет көрсету туралы келісімшарттарға қол қою барысында қысым жасады деп айыптаған еді. Сонымен бірге ол Фатима Жақыпованың докторлық диссертациясының 40%-і ғана түпнұсқа екенін мәлімдеді.

Фатима Жақыпова мұны «күйе жағу» деп бағалады.