Білім беру ұйымдарында мемлекеттік стипендия студенттердің білім алуға қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында тағайындалады. Стипендия  мемлекет тарапынан студенттерді тек ынталандыру ретінде қарастырылған.

Мемлекеттік стипендия мөлшерін көбейту мәселесін қай орган қарайды?

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың айтуынша, стипендия мөлшері мен тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу үшін оны барлық мүдделі мемлекеттік орган бірге қарастырады. Сол себепті стипендия мөлшерін ұлғайтуды қайта қарау бюджетке қосымша жүктеме әкеледі.

2020 жылдан бастап мемлекеттік стипендия мөлшері өзгермейді

Бюджет кодексіне сәйкес, қаулыға өзгеріс енгізу үшін оны республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару қажет.

Стипендияны көбейтуге арналған қаражат 2019 жылға арналған республикалық бюджетте, сонымен қатар 2020-2022 жылдар аралығындағы бюджет жобасында қарастырылмаған, — деді Фатима Жақыпова.

Қазір мемлекеттік стипендия қанша?

Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендияның мөлшерi Үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысымен бекітілген. Қаулыға сәйкес мемлекеттік стипендияның мөлшері 2015 жылдан бастап:

1) бакалавриатурада оқитын студенттерге — 20 949 теңге;
2) интернатура студенттеріне — 37 945 теңге;
3) магистратура студенттеріне — 53 530 теңге;
5) докторантура студенттеріне — 81 998 теңге болды.

Жоғарыдағы қаулыға өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасында жұмысшы білігі бойынша техника және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына стипендияны 30% ұлғайту қарастырылған, — деп жауап берді Білім және ғылым вице-министрі.