Қашағаннан алғашқы мұнай алынды

Төрт ұңғымадан алынатын мұнай көлемі бүгінде тәулігіне 90 мың баррельді құрайды. Мұны өзі бақылап келгендігін хабарлады министр Қанат Бозымбаев.

Ол сонымен қатар «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

«Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр», — деді Қанат Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.

Дереккөзprimeminister.kz