Жүйедегі ақауға байланысты құжат қабылдау мерзімі 2019 жылдың 11 қарашасына дейін ұзарды. Бұл туралы қордың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазылды.
2019 жылдың 10 қарашасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Smart Astana порталы жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды уақытша қабылдаған жоқ, — делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін баспанаға 29 жасқа толмаған азаматтар үміткер бола алады. Өтініш беруші баспананы алу үшін бірнеше құжат ұсынуы тиіс.
Жоспар бойынша жастарға үш жыл ішінде 9 мың пәтер беру жоспарланып отыр.
Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйлерді 2022 жылдан бастап Нұр-Сұлтан мен ірі қалаларлардан бөлек, өңірлерде де салу жоспарланып отыр.