Жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтары — жұмысшы жастар баспананы бес жылға жалға ала алады.

Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Үлгіге сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  6. Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшесінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
  7. Жұмыс орнынан анықтама;
  8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
  9. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  10. Банк шотының болуы және нөмірі туралы анықтама, есепшоты бойынша ақшаның қалдығы, қозғалысы туралы үзінді;
  11. Өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса);
  12. Нұр-Сұлтанда тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау;
  13. Өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының өтініш берер алдында 2 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмағанын растау.

Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана Үкіметтің 2018 жылы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Нұр-Сұлтанда жастарға жалға берілетін баспана бойынша құжаттарды қабылдау 2019 жылдың қараша айынан бастап электрон түрде жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 79-34-50, 79-34-62 (63)