Алматыдағы Small желісінде сатушысы жоқ кассалар пайда болды

Алматы әкімдігі мамандарының хабарлауынша, тауарды бұлай сату — қарапайым тәсіл. Тұтынушы кезекке тұрмай, уақытын үнемдейді, штрихкодты сканерлеп, тауарды буып-түйеді, банк картасын терминалға тақап немесе гаджетпен төлем жасайды.

Ірі сауда желісі осылайша сатып алу процесін автоматтандырып, «адалдық дүкендері» жұмысының қазіргі заманғы форматы қандай болатынын көрсетіп отыр. Мұндай терминалдар мен өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде бар. Small супермаркеті өзге сауда орындарын «Алматы — адалдық алаңы» жобасын қолдауға үндеп отыр.

Мұндай жобаны іске асыруға үндеу азаматтарға сенім ахуалын нығайтуға, адалдық пен парасат сияқты қасиетін сынап көруге мүмкіндік берді, — деді Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Таумұрат.

«Адалдық дүкендеріндегі» тосқауылсыз қызмет көрсету еңбек ресурсын тиімді пайдаланып, табысты арттыруға септігін тигізеді. Бұған дейін сатушысы жоқ кассалар «Юбилейный» супермаркетінде ашылды.