Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы мен уәкіл балалар денсаулығын сақтау мен оларды әлеуметтік жағынан қорғау және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылады.
Аружан Саин шала туған әрі ретинопатия ауруынан зағип болған сәбилер проблемасын көтерді. Оның мәліметінше, республика бойынша орта есеппен 20 мыңға жуық бала шала, оның ішінде 4 мың бала салмағы жетпей дүниеге келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мәселені шешу үшін өңірлердегі перинатал орталықтар мен перзентханалар базасында тиімді офтальмологиялық жәрдем беру жұмысын ұйымдастыру деп есептейді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен сапалы байланыс орнатып, мекемелерді диагностикалық құралдармен жабдықтау және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру керек.
Аружан Саин Қазақстанда ағзаның функционал мүмкіндіктері түзілетін халықаралық классификацияны жедел енгізу БЦП-ға шалдыққан, есту, көру мүшелері ауыратын және басқа да науқас балалар проблемасын жүйелі шешуге ықпал ететінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев балалар құқығы мен денсаулығын сақтау мәселесін өзі әрдайым жіті бақылап отыратынын айтты.