Қараша айында циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде климат нормасы шамасында, Азия аудандарынан келетін оңтүстік-батыс ағындарына байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде нормадан 1 градус жоғары болады.

Болжамға қарағанда атмосфера фронттары құбылмалы ауа райына себеп болады, жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады. Айдың үш онкүндігінің әрқайсысында бір-бір мезгілден суық болады.

Мамандардың мәліметінше, бірінші онкүндікте суық толқыны бүкіл Қазақстанды қамтиды. Онкүндіктің басында батыста, ортасына қарай солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі ауа температурасы 5-10 градус жылыға дейін, кей жерде 13 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға, кей жерде 5 градус жылыға дейін, оңтүстікте түнде 0-5, кей жерде 10 градус аязға дейін, күндіз 3-8 жылыға дейін төмендейді.

Содан кейін солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, кей жерде 3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура түнде 0-5 градус аязға дейін, кей жерде 8 градус жылыға дейін, күндіз 8-13 градус жылыға дейін көтеріледі, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірінші онкүндік соңында республика аумағына кезекті антициклон әсер етеді және температура қайтадан төмендейді. Екінші және үшінші онкүндіктерде температура барынша қарқынды төмендейді, бұл солтүстік облыстарда жерде қар жамылғысының қалыптасуына себеп болады. Әдетте еліміздің солтүстік бөлігінде қарашаның бірінші жартысында, оңтүстік өңірлерде қарашаның соңы мен желтоқсанның басында жерге қар қататын.