«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жеңімпаздары анықталды

Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының ортасына дейін  қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазанға дейін дауыс берді. Сайысқа қатысуға Қазақстан, Ресей, Өзбекістан, Украина, Израиль, Америка, Молдова мен Германияның 397 автордан 778 шығарма түсті. Олардың барлығы жүлденің www.akalam.kz ресми сайтына орналастырылды.

Биыл ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалары кірді.

Оқырмандар мен қазылар алқасы әр аталым бойынша жеңімпаздарды таңдады:

«Жылдың үздік поэзиясы» — Дәурен Тілеухан (Ақтөбе);

«Жылдың үздік прозасы» — Гүлнәр Ізтаева (Шымкент);

«Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы» — Қуаныш Жиенбай (Астана);

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті» «Дарабоз» — Қарлығаш Сарыбаева (Қарағанды);

«Жылдың үздік сатирасы» — Амандық Сағынтайұлы (Атырау);

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» — Оралбек Бекболат (Кентау);

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» — Әбдіжәміл Нұрпейісов;

«Лучшая поэзия года» — Ольга Кувшинникова (Өскемен);

«Лучшая проза года» — Қуаныш Жиенбай (Астана);

«Лучшая детская и подростковая литература года» «Дарабоз» — Ксения Евдокименко (Алматы);

«Лучшая стира года имени Есенжола Домбай» — Ерлан Көшкінбаев (Алматы);

«Лучшая фантастика и детектив года» — Альнура Құрманғали (Алматы);

«Лучший киносценарий и драматургия года» — Ксения Евдокименко (Алматы).