Алматының Әуезов ауданында Нан күні аталып өтті

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов «Ақсай» нан-тоқаш комбинатында өткен Нан күні шарасына қатысты. Шара қонақтары нан-тоқаш өнімдерді өндіретін цехті аралады. Мерекеге орай комбинат қызметкерлеріне әкімінің алғысхаты берілді.

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты 1978 жылы құрылған. Комбинат жыл сайын 90 тоннадан астам нанды әлеуметтік мақсатта пісіреді. Тәулігіне 150 тоннадан астам өнім өндіреді. Биыл алғашқы 9 айда 6,8 миллиард теңге болатын нан өнімдерін пісірген.

Айта кетейік, Нан күні 2006 жылы халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен белгіленген.