«Бақытты отбасы» орталықтарында қандай көмек беріледі?

Орталықта заңнамалық, психологиялық, әлеуметтік, медициналық, білім, тұрғын үй және басқа да мәселе бойынша ақпараттық-кеңестік, түсіндіру және ресурстық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматының Алатау ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ақмарал Басирова кәсіппен айналысқысы келетін аналардың бизнес идеясын жүзеге асыруды әлеуметтік-қаржылық қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

«Бизнес бастау», «Жас кәсіпкер» жобалары аясында ISKER ANA бағдарламасы қолға алынды. Әмбебап бизнеске отбасылардың барлық мүшесін тарту үшін қажет мамандықтар мен кәсіп бойынша оқытуды қолға аламыз, — деді Ақмарал Басирова.

Медеу ауданындағы ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Жұмагүл Тәжібекова көпбалалы аналарды қоғам өміріне белсенді араласуға шақырды.

Орталықта жеке тұлғалық өсу, көшбасшылық, бала тәрбиелеу, отбасылық құндылықтар бойынша тегін мастер-кластар мен тренингтер өткізіледі. Мұнда бизнес-идеялар құруға үйретіп, жоба жүзеге асқанша кеңес беріледі, — деді Жұмагүл Тәжібекова.

Алматының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары туралы ақпарат:

  • Алатау ауданы — Нұркент ықшамауданы, 5/25;
  • Алмалы ауданы — Наурызбай батыр көшесі, 106А;
  • Әуезов ауданы — Ақсай-1 ықшамауданы, 4А;
  • Бостандық ауданы — Розыбакиев көшесі, 250;
  • Жетісу ауданы — Жансүгіров/Ломоносов көшесі, 65/34;
  • Медеу ауданы — Зенкова, 15/41;
  • Наурызбай ауданы — 347 үй, 1-корпус;
  • Түрксіб ауданы ‐ Рихард Зорге көшесі, 9;
  • Староэлеваторская көшесі, 17.