Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы тойланды

Бұл туралы оркестрдің Instagram-парақшасына жазылды. Кеште Құрманғазы Сағырбайұлының шығарған қазақтың бай мұрасына айналған «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа шығармасы орындалды.

Құрманғазы оркестрінің орындауындағы әсем сазды әуендер мен күйлерді тамашалауға келген көрермендер ерекеше ілтипатын білдіріп, алғыстарын айтты, — деп жазды оркестрдің Instagram-парақшасы.

Мерекелік концертке Шәміл Әбілтаев, Ермек Қазиев, Батыржан Мықтыбаев, Шыңғыс Құрманқұлов және тағы басқа өнер майталмандары қатысты.

View this post on Instagram

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында қазақтың ұлы композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған «Баба мұрасы» атты күй кеші өтті. Аталған кеште Құрманғазы Сағырбайұлының репертуарындағы қазақ ұлтының бай мұрасына айналған «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлер орындалды. Мерекелік концертке Ш.Әбілтаев, Е.Қазиев, Б.Мықтыбаев, А.Ахмадиев, Е.Набиев, А.Исламғалиев, Ш.Құрманқұлов сынды және т.б. өнер майталмандары қатысты. Құрманғазы оркестрінің орындауындағы әсем сазды әуендер мен күйлерді тамашалауға келген көрермендер ерекеше ілтипатын білдіріп, алғыстарын айтты. #құрманғазыоркестріне85жыл

A post shared by Құрманғазы оркестрі (@orkestr.kurmangazy) on