Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқық тәртібі мен заңдылықты күшейтудің маңызы айрықша екенін айтты.

Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқық сауатын арттыруды жандандыру қажет деп есептейді, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.