«Тақтар ойыны» сериалы Ирландияға 206 млн доллар кіріс алып келген

Сонымен қатар сериалды түсіру барысында 2800 жұмыс орны ашылған. Ал Ирландияның өзі киноөндірісін қаржыландыруға небәрі 17 млн доллар ғана жұмсаған. «Тақтар ойыны» сериалының түсірілімі әлі де екі жылға созылады. NI Screen есебі бойынша, бұл түсірілім 25 млн доллар кіріс алып келеді.

Сериалда Солтүстік Ирландияның ландшафтары Темір аралы, Дауылды жерлердің декорациялары үшін пайдаланылған. Уард қамалының ролін орыдаған «Винтерфелл» қорғаны, сонымен қатар ХVIII ғасырда пайда болған Дарк Хеджес, сериалдағы Корольдік орман, Ирландияда орналасқан. Аталған орындардың барлығы «Тақтар ойынының» фанаттары мен туристердің қызығушылығын жыл сайын арттыруда.