Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевтің басшылығымен Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында жеткен нәтижелеріне тоқталды.
Қазақстан мен Өзбекстан — өте жақын және маңызды серіктес. Тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған жоқ. Бұл жақсы перспективаға жол ашып отыр, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Шавкат Мирзиеев екі елдің табысты ынтымақтастығы Қазақстанның Тұңғыш Президентімен байланысты екенін айтты.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев мұның алдында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті.