Биыл қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда көлемі 8,1 триллион теңге болды. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5% (7,2 триллион теңге) көп.

Ауылдарда 676,2 миллиард теңгеге сауда жасалған. Бұл туралы Energyprom.kz зерттеушілері жария етті.

Бөлшек саудада тамақ өнімдерінің үлесі 32,4% немесе 2,6 триллион теңге болды. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі — 67,6% немесе 5,4 триллион теңге. Азық-түлік тауарларын өткізу 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6%, азық-түлік емес тауарлар 5,2% өсті.

Бөлшек сауда, 2019
Инфографика: Еnergyprom.kz

Бөлшек сауданы Алматы тұрғындары көп жасаған. Құны — 2,5 триллон теңге. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты өсім 11,1% болды.

Нұр-Сұлтанда бөлшек сауда 967,9 миллиард теңгеге жасалған. Бұл — Қазақстан бойынша жалпы көлемнің 12%-і. ТОП-3 аймақтың қатарына Қарағанды облысы кіреді: 726,9 миллиард теңге немесе нарықтың 9%-і.

Қазақстанда сауда саласында жарыстар жүйелі өткізіліп тұрады. «Сауда үздігі — 2019» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Алматы облысы Қазақстанның сауда саласындағы үздік деп танылды. 3-4 қазан аралығында Павлодар облысында өткен байқауға еліміздің 11 аймағынан 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Алматы облысынан 5 кәсіпорын қатысты, олардың әрқайсысы жүлдегер атанды. Марапаттау 8 номинация бойынша өткізілді, жеңімпаздарды республикалық ведомствоаралық комиссия анықтады.

Бөлшек сауда, 2019
Инфографика: Еnergyprom.kz

Жыл басынан бері жеке меншік кәсіпорындармен тауарлар мен қызметтерді бөлшек саудада өткізу көлемі 7,3 триллон теңге болды (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 90,1%-і), шетелдік меншік — 799,2 миллиард теңге (9,9%).

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!