Тұрмысы нашар отбасыларға несие алуға тыйым салынады

Жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелері 2019 жылдың басынан бастап 17% — 3,9 триллион теңгеге дейін өсті. Үкімет отырысында Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев халықтың қарызының өсуіне жол бермеу үшін бірқатар шара әзірленіп жатқанын айтты.

Осы жылдың соңында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша айыппұлдарды, комиссиялық сыйақыларды және басқа төлемдерді өндіруге тыйым салу, кірісі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға, әсіресе, табысы аз азаматтарға қарыз алуға тыйым салу, кепілсіз тұтынушылық несие беруге жол бермеуге бағытталған реттеу шаралары қабылданады, — деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банктің төрағасы 2019 жылдың шілде айында заң қабылданғанын еске салды. Заң халық қарызының бақылаусыз артып кетуіне байланысты жүйе тәуекелдерін шектеу мақсатында несиелендірудің барлық субъектісінің периметрін енгізуді көздейді.

Ерболат Досаев 2019 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында банк секторының несие портфелі 6% немесе 750,9 миллиард теңгеден 13,2 триллион теңгеге дейін өскенін де мәлімдеді.

ДереккөзZakon.kz