Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаев...

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Экс-министрдің адвокаты Сейіт Рахманов оның шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы құқығын пайдаланғанын түсіндірді. Мұны Шымкенттің Абай аудандық сот төрағасының хатшысы Азат Өтегенов те дәлелдеді.

Қуандық Бишімбаев жазасын жеңілдету туралы өтішін жазды. Ол 25 қыркүйекте қаралып, заңды күшіне бүгіннен бастап енді. Өтініш 167/3 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жіберілді, — деді ол.

2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.  Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған, олар — «Бәйтерек Development» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері. 2019 жылы ақпанда Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған.

ДереккөзТengrinews.kz