Қаржы министрлігі 1 150 миллион еуро болатын еурооблигация шығарды

Еурооблигацияның екі траншы шығарылған. Біріншісінің айналым мерзімі — 7 жыл, 0,6% купон мөлшерімен номинал құны 500 миллион еуро болды. Ал екінші транштың мерзімі — 15 жыл, 1,5 пайыз купон мөлшерімен номинал құны 650 миллион еуро сомасын көрсеткен. Транзакция шеңберінде Қазақстан төмен табыс мөлшері бойынша қаражат жинады. Мысалы, жеті жылдық еурооблигация бойынша купон мөлшері ұқсас, BBB рейтингі категориясындағы дамушы мемлекеттер арасында төмен деңгейде қалыптасқан купондық мөлшер саналады.

Аталған мəміле Қазақстанда дəстүрлі түрде еуроға бағытталған инвесторларды тарту арқылы инвестор базасын диверсификациялауға мүмкіндік берді. Шығарылым шеңберінде Қазақстан 15 жылдық еурооблигация орналастырды. Бұл — ТМД елдері арасында бұрын шығарылған еурода номинацияланған ең ұзақ мерзімді қарыз.

Инвесторлардың халықаралық жоғары сұранысы мен Қазақстанға жоғары сенімнің арқасында, еурода деноминацияланған Қазақстанның кіріс қисығы жоғары несиелік рейтингке ие. Басқа дамушы елдердің кіріс қисығымен салыстырғанда төмен көрсеткішке жетті.

Шығарылымның алдында Лондонда Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банкі жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінен тұратын делегациясының екі күндік роуд-шоуы өтті. 25 қыркүйек күн прайсинг болды. Онда 110 инвестордың қатысуымен 2,8 миллиард еуро болатын өтінімдер кітабы құрылды.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасында жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында еурооблигацияларды орналастырудың жалпы сомасынан 17% болатын, 192 миллион еуросомадағы екі транш орналасқан.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында қосарланған листингпен шығарылған.

Мəмілені ұйымдастырушылар — бірлескен лид-менеджерлер мен букраннерлер ретінде Citi жəне Societe Generale, UBS жəне қазақстандық ұйымдастырушы – First Heartland Securities (FHS) болды.