2019 жылдың үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша күзетшілер электрон еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындар санының арақатынасы бойынша Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшбасшысы болып тұр.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары хабарлағандай, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді.
Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына: санитарлар, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол жұмысшылары, сатушы-кеңесшілер кірді.
Республика бойынша еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді, ал күзетшілердің жалпы бос орындар санының 2/3-сі екі өңірге тиесілі екенін айта кету керек. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтанда (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіптің адамдары неғұрлым сұранысқа ие.
Ал Шымкентте күзетшілер тапшы 25 мамандықтың тізіміне де енбей қалған. Еліміздің Оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие орта мектеп мұғалімдері (935 бос орын) болды.
2019 жылғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрон еңбек биржасындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарының талдауымен мына жерден толығырақ танысуға болады: Іac.enbek.kz.
Биыл 6 айдың қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілердің 4,4 мыңнан астам бос лауазымына сұраныс болған жоқ. Тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тазалағыштар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тасушылар (2,1 мың) кірді.