Ақтөбе облысының әйел кәсіпкерлерімен кездесуде Дариға Назарбаева мемлекеттік басқару ісі мен республика, облыс деңгейіндегі үкіметтік басқару органдарына әйелдердің көп араласу керек екенін айтты. Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Сенат төрағасы отбасы тұжырымдамасы мен гендер саясатына қатысты жаңа жобалардың талқыланып жатқанын атап өтті.
Біздің міндет — мемлекеттік басқару ісі, саясат пен экономика салаларындағы әйелдер санын арттыру. Бұл мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Араб елдерін қоса алғанда әлем тәжірибесі әйелдердің үкімет, аймақтық басқару ісі мен депутат корпусына қатысуы туралы түрлі шешім көрсетіп отыр, — деді Дариға Назарбаева.
Сенат басшысы жастар мен волонтерлар ұйымымен кездесті. Жастар жылы аясында өңірде өткен шаралардың нәтижесімен, жастарды қолдау жөніндегі облыстық бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.