Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Екі елдің Президенті алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Соның ішінде 2019 жылы 6-7 қараша күндері Омбыда өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI өңіраралық форумына дайындық барысын талқылады.