Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы жалғаса беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен де телефон арқылы сөйлесті.

Еске салайық, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегі бойынша Қазақстан халқының 70,76%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Бұл туралы комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.