«Олжа» спорт футбол алаңында базар жастары арасында сайыстың ақтық мәресі өтті. «Жеті құрдас-2», «Кар-сити», «Саламат» пен «Бахар и К» командалары бас жүлдеге таласты.
«Дүйсенбілік спорт» жобасын Алматының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
«Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының президенті Арман Әубәкір салауатты өмір салтын сақтау ұлт болашағының сара жолы екенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша «Саламат» командасы бірінші орын иеленіп, 150 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Екінші орынды «Кар-сити» командасы жеңіп алып, 100 мың теңге ақшалай сыйлық иеленді. «Жеті құрдас-2» командасына үшінші орын бұйырып, 50 мың теңге жеңіп алды. Төртінші орын алған «Бахар и К» командасына 30 мың теңге берілді.