Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында 3 қазанда Сочиде «Валдай» форумына қатысқаны жайлы баяндады.
Жуырда Сочиде өткен «Валдай» форумында әлемдік саясаттағы Шығыс пен Еуразияның ролі туралы қызу пікірталас өрбіді. Сонда Қазақстанның да, Ресейдің де Азия мен Еуропаның ортасында жатқан еуразиялық мемлекеттер екенін мәртебелі сарапшылардың естеріне салуыма тура келді. Біз географиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да, ментал ерекшелігімізбен де байланғанбыз. Осының бәрі саясатқа, өмір салтымызға, халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің тағдырына ықпал етеді, — деп жазды Президент.
Мемлекет басшысы Иосиф Сталиннің өмірбаянынан мысал келтірді.
1940 жылы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдайды. Сонда Сталин Жапонияның Совет Одағына шабуыл жасауы ықтимал екенін біле тұра, «Біз, азиаттар, бірге болуымыз керек» деген екен. Әрине, мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісемін: біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек, — деді Президент.
Посмотреть эту публикацию в Instagram