«Россия 1» арнасының эфиріндегі «Удивительные люди» жобасында Ілияс Тохтархан бағдарлама редакциясы даярлаған үш сынақтан да сәтті өтті. Бірнеше секундта екі және үш таңбалы санды қосып, кейін екі қос таңбалы санның шаршысын, артынша осы сандардың шаршыларының айырмашылығын шығарып берді. Көрермендер балақайға аяқтан тік тұрып қол шапалақтады.

Үлиястың айтуынша, ол 9 жасында әлемнің 52 елінен 12 мың адам қатысқан Нью-Делидегі ментал арифметикадан өткен жарысты жеңген.

«Менің бұл қабілетім дүкенге барғанда, шетелге шыққан кезде валюта бағамын калькуляторсыз есептеуге көмектеседі. Болашақта мен IT маманы болғым келеді. 3D-ойындарының бағдарламасын, роботтар мен сайттар жасап, фотошопты білгім келеді. Маған бұл жоба математикалық қабілетімді көрсетіп, барлығын таңдандыру үшін керек», — деді Ілияс Тоқтархан.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!