Оның айтуынша, ауданда тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылып, Іsker ana жобасы жүзеге асып жатыр.
Жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 8 адам «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес бастау» курсына жіберілді. Қазаннан бастап тағы 60 адам оқытылады. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 1234 көпбалалы отбасы бар. Оның 86-сы «Бақытты отбасы» орталығында әлеуметтік көмек пен кеңес алды, — деді Алтай Рахымбетов.
Әкім 375 отбасына алғашқы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленгенін айтты. Оның 249-ы көпбалалы отбасы. Оған қоса аудан кәсіпорындарымен бірлесіп 269 көпбалалы отбасына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған.