Baribar.kz фотосуреттерді «Ескі сурет» Telegram-каналынан алды. Фотоға қатысты жазылған деректердің, даталардың дәлдігіне редакция жауап бермейді.

XX ғасырдың басы. Алматыдағы алма базары.

1920-жылдардың аяғында Калинин-Коммунист көшелерінің (қазіргі Қабанбай батыр — Абылай хан) қиылысында «Алатау» кинотеатры салынды. Кинотеатрдың маңдайшасындағы жазу латынша жазылған.

1939 жыл. Алматыдағы №12 мектептің 1-сынып оқушылары.

1950 жыл. Алматы-2 вокзалы.

1967 жыл, 7 қараша. Алматыдағы Ленин атындағы алаң, мерекелік шеру.

1971 жыл. Алматы циркінің құрылысы.

1974 жыл. Медеу, конькиден Еуропа чемпионаты.

1976 жыл. Алматы мақта-мата комбинатындағы жұмысшы қыздар.

1978 жыл. Алматыдағы стадионға жиналған халық.

1980-жылдар. Алматыдағы сырғанаққа жиналған халық.

1983 жыл. Алматы. Қазақ КСР кубогының финалы. «Спартак» (Семей) — «Мелиоратор» (Шымкент), 4:0. «Спартак» фанаттарының трибунасы.

1985 жылғы Алматының көрінісі.

1986 жыл, 16 желтоқсан. Алматы.

Сіз үшін де Желтоқсан оқиғасының ең әсерлі фотосы осы ма?

1988 жыл, Алматы. Қазақстанда алғаш рет Наурыз тойланған кез.

1990 жыл, наурыз. Медеу. Соғыс ардагері мен «Дружные ребята» журналының тілшісі.

1991 жыл.  «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдар алдында Алматыда толассыз митингілер өтті.

1992 жыл, желтоқсан, Алматы. Президент шыршасы.

1996-1999 жылдары Алматыдағы Саин көшесінде 17 мың жезөкше тіркелген.

1997 жыл, 8 қараша. Астана Алматыдан Ақмолаға көше бастады.

1997 жыл. Алматыдағы «Айя» паркінің ашылуы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!