Қаныш Сәтбаев

Қаныш Сәтбаев
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1899 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Геолог-ғалым. Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы. Қазақтан шыққан тұңғыш академик. Ол 1864 жылы 31 қаңтарда 64 жасында Мәскеуде қайтыс болды.

Күләш Байсейітова

Күләш Бәйсейітова
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Қазақтың әйгілі әншісі, қазақ операсының негізін қалаушылардың бірі. КСРО халық артисі 1957 жылы 6 маусымда 45 жасында Мәскеуде қайтыс болды.

Шәкен Айманов

Шәкен Айманов
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Қазақтың әйгілі актеры, режиссер. «Атаманның ақыры», «Тақиялы періште», «Алдар көсе» және басқа да танымал фильмдерді түсірді. Театр мен кинода басты рольдерде ойнады. КСРО халық артисі, қазақ кино өнерін дамытушы 1970 жылы Мәскеуде жол апатына ұшырап, 56 жасында қайтыс болды.

Ахмет Жұбанов

Ахмет Жұбанов
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір ауданында өмірге келген. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, қазақтың Құрманғазы атындағы халық аспаптары мемлекеттік академиялық оркестрінің негізін қалаушы. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Қазақ кәсіби музыкасының атасы, Қазақ КСР халық артисі Ахмет Жұбанов 62 жасында Алматыда дүниеден өтті.

Мұхтар Әуезов

1897 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келді. Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, ғалым, фольклортанушы. Мұхтар Әуезов 15 жыл бойы «Абай жолы» атты төрт томдық роман-эпопеясын жазды. Ол 1961 жылы 27 маусымда 63 жасында Мәскеуде қайтыс болды. Абайдың «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?» деген сөзі жазушының қабіріне қашалып жазылған.

Дина Нұрпейісова

Дина Нұрпейісова
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы. 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған. Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды. Қазақ КСР халық артисі Дина Нұрпейісова 1955 жылы 31 қаңтарда Алматыда қайтыс болды.

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1888 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданында туған. Қазақтың театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, атақты музыкант, актер. Парижде, Майндағы Франкфуртта қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев 1934 жылы 6 желтоқсанда қайтыс болды.

Мұқан Төлебаев

Мұқан Төлебаев
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1913 жылы Талдықорған облысы Бірлітөбе ауданында дүниеге келді. Қазақтың аса көрнекті композиторы, дирижер. Қазақ КСР-інің 1945-1992 жылдардағы гимнінің авторы және Қазақстанның 1992-2006 жылдардағы Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі. Қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі 1960 жылы 2 сәуірде 47 жасында Алматыда қайтыс болды.

Қапан Мусин

Қапан Мусин
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1921 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. Композитор, дирижер, педагог, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1970 жылы 21 сәуірде Алматыда қайтыс болды.

Ермұхан Бекмаханов

Ермұхан Бекмаханов
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1915 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Қазақтың аса көрнекті ғалымы, Қазақстан тарихы ғылымының негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы. 50-жылдары көп ғалыммен бірге саяси жаламен сотталып, қуғын-сүргін көрді. 1966 жылы 15 қыркүйекте Алматыда қайтыс болды.

Иса Байзақов

Иса Байзақов
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Ақын, импровизатор, әнші, композитор, театр актеры. 1900 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. Ол артистік, әнші-жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған. 1946 жылы 3 қыркүйекте Алматыда қайтыс болды.

Қалибек Қуанышбаев

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1893 жылы 25 сәуірде қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Актер, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі. Оның тікелей атсалысуымен қазіргі М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры құрылды. Талантты тұлға 1968 жылы 7 маусымда 75 жасында Алматыда қайтыс болды.

Әліби Жангелдин

Әліби Жангелдин
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

1884 жылы Қостанай облысы қазіргі Жангелді ауданында дүниеге келді. Революционер, Азамат соғысына қатысушы, мемлекет қайраткері, Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнату қозғалысының басшысы, дүниежүзін аралаған тұңғыш қазақ саяхатшысы. Ол 1953 жылы 14 тамызда Алматыда дүниеде өтті.