Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұр-Сұлтанда 10 базар жаңартылады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Нұр-Сұлтан кәсіпкерлерінің жыл сайынғы VI конференциясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төраға орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.

«Алтай», «Софар», «Ұлжан», «Көктал», «Оң-Олжа» базарларын жабуды жоспарлап отырмыз. Бірақ 300 жеке кәсіпкер кәсібінен айырылғалы тұр. Оны түсінеміз. Соған байланысты қысқартылғалы отырған жұмысшылар мен сауда орнын жоғалтайын деп тұрған кәсіпкерлерді жұмыспен қамту үшін жол картасын әзірлеуді ұсынамын, — деді Эльдар Жұмағазиев.

Сонымен бірге ол Нұр-Сұлтанда сыр мен сүзбе сияқты тамақ өнімдеріне 8 мың тонна сұраныстың бар екенін айтты.

Қазіргі азық-түлік желісі Нұр-Cұлтан тұрғындары сұранысының 25%-ін ғана өтейді. Сәбіз сұранысының 60%-і, орамжапырақтың 8%-і өтеліп жатыр. Сондықтан бізге отандық тауар өнімін дамыту үшін республикалық және жергілікті деңгейде кешенді шара қажет. Қарағанды мен Ақмола облыстарында ауылшаруашылық құзыреттілік орталықтарын құру керек. Онда фермерлерді өнімді буып-түю желілері үйретіледі, — деді Эльдар Жұмағазиев.

Мақалаға реакция