Нұр-Сұлтанда қала маңындағы бизнеске жеңілдетілген несие беру ұсынылды

Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, Нұр-Сұлтанда басты проблеманың бірі — қаржыландыру мәселесі.

Қаладағы ең ірі микроқаржы ұйымдарының берген несиелерінің 78%-і сауда үлесіне тиеді. Бұл жағынан қалада бизнесті қолдайтын бағдарлама барын білемін. Қазір олар Алматының тәжірибесі бойынша бірігіп жатыр, — деді Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары «Алматы-2025» бағдарламасы жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бағдарламаларды біріктіру керек. Эльдар Жұмағазиев Нұр-Сұлтан маңында бизнеспен айналысқысы келетіндерге несиені төмен процентпен беріп, қала орталығында болса процентті жоғарылату керек екенін айтты. Сонда ғана қала маңындағы бизнес тұрақты дамиды.

Эльдар Жұмағазиев қазір қала маңына қанша сатып алу орталығы керек екені әзірше белгісіз екенін айтты.

Қала маңындағы бизнесмендердің қандай фермерлермен байланыста екенін білу қажет. Оны Нұр-Сұлтанға скрининг жасаған кезде анықтап, сұраныс пен өнім көлемін есептеу керек деп ойлаймын. Жұмыс істеп жатқан бизнесті сатып алу орталығы ретінде қарастырып, олардың фермерлермен байланысын қамтамасыз еткен жөн, — деді ол.

Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл  ұсынытарды ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жіберді.