Бердібек Сапарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы ІТ-паркті, процестік инновациялар орталығын, жерді қашықтан зондтау орталығын аралап көрді. Оқу орнының өкілдері маңызды ғылыми жобаларын көрсетті. Олардың арасында сөйлейтін, еститін, көріп, түсіне алатын, сұрақ қоя алатын QazBot интеллектуал роботты таныстырылды.
Вице-премьер Шығыс ойшылы әл-Фарабидің музейін аралап көрді.
Бұл мұралар әл-Фараби Қазақстан аумағында туып, өмір сүргенін дәлелдейді, — деді Бердібек Сапарбаев.
Одан кейін Бердібек Сапарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» музейімен, сирек кездесетін жазбалар мен кітаптар қорымен, Тұңғыш Президент залымен танысты.
Бүгін, 19 қыркүйек күні вице-премьер университеттердің жаһандық саммитіне қатысады.