ҚазҰУ студенттері робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстан жоғары оқу орындары арасында робототехникадан өткен республикалық чемпионаттың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы бірінші орынға ие болды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық чемпионат АЭжБУ базасында өтті. Барлығы 10 команда қатысты. Олар 14-18 және 19-29 жас аралығындағы кіші және үлкен топқа бөлінді.

14-18 жас аралығындағы топтар:  №90 лицей (Алматы) – «w4tched», АЭжБУ коледж – «T-X», 178 лицей  (Алматы) – «YODO»,  85 мектеп, Астана – «AstanaRobotics», №30 мектеп-гимназия – «Тараз — EduCraft», Қарағанды облыстық Гагарин атындағы мектеп-лицей,  Ақадыркенті —  «Gyvers».

19-29 жас аралығындағы топтар: ҚБТУ, Алматы  — «PUBG» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы – «Механика»,  ҚазНИТУ, Алматы — «Робомех», ЕНУ, Астана  — «SpaceRobotics».

Жарыста уақыт траекториясы бойынша қозғалатын робот құрастыруроботты кедергілермен қара сызық бойынша жылжыту, уақыт аралығы бойынша күрделілігі жоғары лабиринтті өтуге мүмкіндік беретін датчиктерге бағдарланған роботтарды ойлап табу талабы қойылды.

Чемпионат қорытындысы бойынша кіші топта бірінші орынды 178 лицей (Алматы), екінші орынды №90 лицей (Алматы), үшінші орынды Қарағанды облыстық Гагарин атындағы мектеп-лицейі иеленді. Үлкен топта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Механика» командасы жеңіске жетсе, ҚБТУ командасы екінші, ЕНУ үшінші орынға тұрақтады. ҚазҰУ командасына Берлин техникалық университетінде робототехника бойынша жазғы мектепке қатысуға 50% жеңілдік сертификаты берілді.

ҚазҰУ студенттерінің айтуынша, университеттерінде студенттік бизнес-инкубаторлар белсенді жұмыс істейді және гранттық қаржыландырудың 10%-ы студенттерді ақылы негізде ғылыми жобаларға бөлінеді. университетте ақпараттық технологиялар, робототехника, цифрландыру бағытын дамыту үрдісі белсенді түрде қолдау тауып келеді.