Бердібек Сапарбаев Премьер-министрдің орынбасары болды

Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылып, Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Президенттің тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын, — делінген құжатта.

Бердібек Сапарбаев Гүлшара Әбдіқалықованың орнына тағайындалып отыр. Гүлшара Әбдіқалықова жуырда Nur Otan партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болған еді. Ол Премьер-министрдің орынбасары қызметін 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап атқарды. Оған дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы болды.

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.