Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 100 IQALA қызметі енгізіледі

Бұл туралы қала мәслихатының жиынында Нұр-Сұлтанның инвестиция мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасының жетекшісі Ерлан Бекмұрзаев айтты.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер көбіне желілерге қосылу, монополистердің қызметі жөнінде және жер учаскелерін рәсімдеу туралы сауал қояды.

Біз «Адалдық алаңының» аясында IQALA қалалық орталығын аштық. Кәсіпкерлердің бізге жиі айтатын мәселесі осы жоба арқылы шешіледі. Орталықта «Ақмола электр тарату компаниясы» жұмыс істеп жатыр. Олар 8 қызмет, ал «Теплотранзит» компаниясы 22 қызмет ұсынады. Жыл соңына дейін 100 IQALA  орталығын ашуды жоспарлап отырмыз, — деді Ерлан Бекмұрзаев.

Ерлан Бекмұрзаев бизнес жүргізуге әкімшілік кедергілерді азайтуға қатысты жұмыс істелініп жатқанын атап өтті. Болашақта кей қызметтерді онлайн алуға жағдай жасалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» жобасы аясында қызметтер электрон форматына ауыстырылып жатыр. Болашақта инвестор қызметті бір батырмамен алады деп үміттенеміз, — деді ол.

ДереккөзElorda.info