Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Президенті...

Қазақстан Президенті 10 мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша Ақордада өтті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабалауынша, елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпус өкілдеріне саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.