Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнайды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Дәстүр бойынша Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың ролін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылады», — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

2019 жылдың 10 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жеке тұлғаға қатысты ауыр қылмысты жазалау шараларын күшейтуге тапсырма беретінін жазды.

2 қыркүйекке жоспарланған халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламент пен Үкіметке тапсырмалар жүктеледі, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Айта кетейік, 26 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды, — деп жазды Нұрлан Нығматулин Twitter-де.

ДереккөзZakon.kz